Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 262 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
262-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастар осы Кодекске сәйкес регламенттеледі. 

2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері осы Кодекстің 94-бабында көзделген мөлшерге сәйкес қайта есептелуге жатады. 

3. Зейнетақы жинақтары зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру шеңберінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары ашылған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарға қосылған болып есептеледі. 

Жинақтаушы зейнетақы қоры деп Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданысы тоқтатылған, зейнетақы жарналарын және зейнетақы төлемдерін тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға түсініледі. 

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жеке тұлғалар алдындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып табылады. 

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша, осы Кодекстің 55-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған зейнетақы жинақтарының жинақтаушы зейнетақы қорында болу кезеңіндегі зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты төлемақы алмай ұсынады. 

6. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін: 

1) осы Кодекстің 27-бабы 2-тармағының бірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:"; 

2) осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төленген күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен төлеушінің аударуына жатады."; 

3) осы Кодекстің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару, олар бойынша өндіріп алу, оларды сақтау және есепке алу, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттарының құпиясы мәселелерін реттейтін нормаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын. 

7. Мыналардың: 

1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы бірінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, бұл абзац 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;"; 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам."; 

2) осы Кодекстің 243-бабы 4) тармақшасының, 245-бабы 3-тармағының, 246-бабы 3-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

Статья 1 ...260 261 262 263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться