Ст. 42 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
42-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырады және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптарда ерікті зейнетақы жарналарын тартады.
2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары, заңды тұлғалар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлері бола алады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді қамтуға тиіс.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "ЕЖЗҚ" деген аббревиатура пайдаланылып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғалардың өз атауында "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді қандай тілде болмасын, толық және қысқартылған түрінде пайдалануына тыйым салынады.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыру қағидаларын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей