Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 102-1 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР Әлеуметтік Кодексі
102-1-бап. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру

1. Оператор Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұстап қалған сомаларды аударуды жүргізеді. 

2. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін осы режим шеңберінде олардың есепті айда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кіріс әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.  

Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс. 

3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі. 

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс. 

4. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі. 

Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс. 

5. Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды. 

Ескерту. 102-1-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...101‑1 102 102‑1 103 104 ...263

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім


Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?


Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама


Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день


Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться