Ст. 176 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
176-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға: 1) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарынан болған адамдар;
4) мүгедектігі әскери қызметтегі міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан болған кезде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
6) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдар жатады.
2. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамамен мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін іс жүзінде алып келген зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде төленеді.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 624-бап. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар ҚР Әлеуметтік Кодексі 201-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 61-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш О таможенном регулировании Статья 2. Компетенция уполномоченных государственных органов ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 437-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей