Ст. 256 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
256-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін, агенттің міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшін жауаптылығы
1. Уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген әлеуметтік аударымдардың сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе төлеуші мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс. Жұмыскер нақты төлеген және табыс алған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға жарналарды төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мемлекеттік кіріс органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатына жатқызылған, төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша, агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге немесе агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге немесе агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге немесе агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің немесе агенттің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші немесе агент Қорға немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен қолма-қол ақшаны олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аудару арқылы бұлжытпай орындауға тиіс.
Төлеушінің, агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің немесе агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың немесе пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші немесе агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші немесе агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші немесе агент ұсынған тізімдер негізінде мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан берешекті өндіріп алу төлеуші немесе агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
Төлеушінің немесе агенттің банктік шотында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің немесе агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
7. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
8. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің немесе агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар төлеушілердің, агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Трудовой кодекс РК Статья 188-1. Порядок образования и состав комиссии по расследованию несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью работников направляющей стороны О таможенном регулировании Статья 546. Переходные положения о представлении таможенным органам предварительной информации Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 21-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiндегi шұғыл медициналық... О почте Статья 12. Услуги ускоренной и курьерской почтовой связиРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей