Ст. 104 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
104-бап. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында белгіленген құқықтармен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:
1) тамақ өнімдерін, нәрселерді және заттарды алуға, сақтауға және пайдалануға;
2) күн тәртіптемесінде айқындалған уақытта кітапхананы, үстел ойындарын, музыкалық аспаптарды, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен жаздырып алынған мерзімді басылымдар мен әдебиетті, сондай-ақ дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған діни әдебиетті пайдалануға;
3) сотталғандардың ерікті ұйымдарына кіруге;
4) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен байланысып тұруға;
5) күн тәртіптемесінде көзделген жеке уақытына иелік етуге;
6) өзіне қатысты есепке алу жазбаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мұндай есепке алу жазбаларының ресми көшірмелерін алуға құқығы бар.
Сотталғандардың іске асырылуы жаза мақсаттарына, жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шарттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар осы Кодекстің 11-бабында белгіленген міндеттермен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:
1) мекеме әкімшілігі айқындайтын орындар мен жұмыстарда еңбек етуге;
2) үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін киім нысанын сақтауға;
3) сыртқы түр-сипатына ұқыппен қарауға;
4) тәртіптік изоляторлардағы, жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы, сондай-ақ жұмыс пен оқудағы адамдарды қоспағанда, мекемелерде өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
Ескерту. 4) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
5) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауға;
6) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, камераларда ұсталатын, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы сотталғандарды қоспағанда, тамақ ішу үшін асханаға баруға;
Ескерту. 6) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
7) камераларда, карантиндік бөлімшелердің, тәртіптік изоляторлардың, жасақтардың, жалғыз адамдық камералардың, уақытша оқшаулау үй-жайларының бөлмелерінде және ортақ пайдаланылатын үй-жайларында бекітілген графикке сәйкес кезекшілік атқаруға және оларда санитариялық жинауды жүргізуге;
8) санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға;
9) өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.
3. Сотталғандардың осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес:
1) мекемелер персоналының заңды әрекеттеріне қарсылық көрсетуге, оларға қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіруге;
2) мекемелердің, басқа жеке не заңды тұлғалардың, оның ішінде сотталғандардың мүлкіне зиян келтіруге, оларға зиян келтіру қатерін төндіруге;
3) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында өзіне, оның ішінде басқа адамның көмегімен дене зақымын келтіруге, өз денсаулығына зиян келтіруге;
4) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында тамақ ішуден бас тартуға;
5) мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға;
6) мекеме аумағын өз бетінше тастап кетуге, объектілердің не мекеме аумағы шекарасының күзет сызығын бұзуға, мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз тұрғын және өндірістік аймақтардың оқшауланған учаскелерінің шегінен тыс жерлерге шығуға, ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың және мекеме аумағындағы басқа да құрылыстардың шатырына көтерілуге, ішкі тыйым салынған аймақ қоршауына жақындауға;
7) мекемелер аумағында жүріп-тұруға, өздері тұрмайтын және жұмыс істемейтін үй-жайлар мен өндірістік объектілерде болуға;
8) мекеме әкімшілігін хабардар етпестен, жұмыс орнын, сондай-ақ болуға арналған үй-жайды тастап кетуге;
9) жабдықты, оның ішінде егейтін жабдықты, құрал-саймандарды, электр энергиясын, механизмдер мен материалдарды өндірістік қажеттіліктен тыс пайдалануға;
10) әкімшіліктің бақылауымен өткізілетін білім беру және мәдени іс-шараларды қоспағанда, мекеме аумағында Интернет желісін пайдалануға;
11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;
12) жеке пайдаланылатын нәрселерді, бұйымдарды және заттарды басқа сотталған адамға беруге;
13) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануға;
14) материалдық не басқа да пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ басқа да ойындар ойнауға;
15) қарым-қатынаста нормативтік емес, оның ішінде сотталғандардың бейформальды қауымына тән лексиканы пайдалануға, лақап ат қоюға, өзінің немесе басқа да адамдардың денесіне сурет салуға;
16) мекеме комиссиясының рұқсатынсыз жануарлар асырауға және бақша егумен айналысуға;
17) жатын орындарын өзгертуге, сондай-ақ өндірістік объектілерде, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтік және қосалқы үй-жайларда жатын орындар жабдықтауға;
18) мекеменің өндірістік және өзге де объектілерінде құрылыстар салуға, шкафтар мен сейфтер орнатуға;
19) камера есігіндегі қарайтын көзшені жабуға;
20) камерадан тыс жердегі сотталғандармен заңсыз байланыс орнатуға;
21) жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға басқа сотталғандарды айдап салуға құқығы жоқ.
4. Сотталғандардың осы баптың талаптарын орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
234830000 КАТО НК РК 11-2009 Миялинский с.о. 434042000 КАТО НК РК 11-2009 Жанарыкский с.о. 635853400 КАТО НК РК 11-2009 с.КызылжулдызРекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 107-бап. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер алу және жіберу ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 108-бап. Хат жазысу, ақшалай аударымдарды жiберу және алу Уголовно-исполнительный кодекс РК Статья 11. Основные обязанности осужденных ҚР Қылмыстық-атқару кодексi ҚР Қылмыстық Кодексi 256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей