Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 109 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
109-бап. Телефон арқылы сөйлесу

1. Сотталған адамның мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес, күніне ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар. 

Телефон арқылы сөйлесудің ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының жеке қаражатынан төленеді. 

Мекеме әкімшілігі сотталған адамның әлеуметтік байланыста болуын қолдау үшін қолда бар телекоммуникация құралдарын пайдаланады. 

2. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда не жалғыз адамдық камерада ұсталатын сотталғандардың: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған және өзге де айрықша жеке мән-жайлар болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген телефон арқылы сөйлесуге қойылатын шектеулер жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдерге және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдарға қолданылмайды, олардың телефон арқылы сөйлесу құқығы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген кезеңділікке сәйкес жас балаларымен байланысып тұру үшін ғана сақталады. 

ҚР Конституциялық Сотының 27.12.2024 № 60-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 109-бабының екінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: қаралған нормаларда жазылған және сотталғандардың әлеуметтік байланыстарын қолдауға бағытталған телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беру жағдайларының тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Аталған нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 10-бабының 7) және 8) тармақшаларымен, 106-бабының алтыншы бөлігімен және 107-бабының екінші бөлігімен, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасымен және 45-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен өзара байланыста сотталған адамның жазаны өтеудің қатаң жағдайларында болған, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда ұсталған кезеңде білікті заң көмегін немесе медициналық көмек алу мақсатында телефон арқылы сөйлесу құқығын шектемейді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің, 134-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларының 104-тармағының ережелерін қолданған кезде оларды өзгеше түсіндіруге жол берілмейді.

Ескерту. 109-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...107 108 109 110 111 ...177

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться