Ст. 96 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
96-бап. Мекеме түрін өзгерту
1. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар сот алдында мекеменің түрін:
1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзімнің кемінде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін – толық қауіпсіз мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;
2) жазаны өтеудің жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмыстары үшін – жаза мерзімінің кемінде үштен бірін, ал бұрын бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен жазаның қалған өтелмеген бөлігі кезеңінде жаңа қылмыстар жасағандар – жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін – орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге өзгерту туралы өтінішхат беруге құқылы.
Мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның жазасының өтелген мерзіміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының бірінші бөлігі негізінде қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қосылады.
2. Мыналар:
1) қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде;
1-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында көзделген қылмыстар жасағаны үшін, қылмыспен келтірілген залалды өтемегендер;
2) аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік немесе экстремистік қылмыстар жасағаны үшін;
3) өмір бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған сотталғандар;
4) алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) міндетті емделуден өтпеген, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерінде мамандандырылған емдеуді қажет ететін;
6) дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстырылуға жатпайды.
3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол берген сотталғандарға қатысты сотқа:
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден - түрі бұрын сот үкімімен айқындаған мекемеге;
2) олар сот үкімімен жіберілген қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден – орташа қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.
3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-1. Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие және осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа орташа, барынша жоғары қауіпсіз мекемеден – олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жіберілсе, сол қауіпсіздік түріндегі мекемеде жазаның қалған мерзімін өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.
Бұл ретте сотқа ұсыну сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы қаскөйлікпен бұзушылығы үшін өзіне жеке адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылғаннан кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықты жасаған жағдайда енгізіледі.
Сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.
3-2. Мекеме әкімшілігі осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген мекеменің түрін өзгерту туралы ұсынумен сотқа жүгінген жағдайда, мұндай ұсыну мен материалдардың көшірмелері келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
5. Сотталған адам мекеме түрін өзгерту туралы өтінішхатпен жүгінген жағдайда, әкімшілік өтінішхатты сотталған адамның жеке басына, жазасын өтеу уақытындағы мінез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін материалдарды және сотталған адамның жеке ісін қоса бере отырып, он күн ішінде сотқа жіберуге, сондай-ақ көрсетілген өтінішхатты жібергені туралы прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
6. Сот мекеменің түрін өзгертуден бас тартқан жағдайда, өтінішхат енгізу сот қаулысы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін қайтадан орын ала алады.
7. Өзіне қатысты сот қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден түрі бұрын сот үкімімен айқындалған мекемеге немесе орташа қауіпсіз мекемеге қайтару туралы қаулы шығарған сотталған адам сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталады.
8. Егер сотталған адамды мекемеден осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінің тәртібімен ауыстыруға негіз болған тәртіптік жазаның күшін прокурор немесе сот жойса, мекеме әкімшілігі мекеменің түрін сотталған адам ауыстырылған қауіпсіздік түріндегі мекемеге өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхатпен жүгінуге міндетті, ал сотталушы құқылы.
Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
Уголовно-исполнительный кодекс РК Статья 96. Изменение вида учреждения ҚР Қылмыстық-атқару кодексi ҚР Қылмыстық Кодексi 72-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ҚР Азаматтық процестік кодексі 441-бап. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны ҚР Азаматтық процестік кодексі 155-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей