Ст. 62 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
62-бап. Анықтау органының бастығы
1. Осы Кодекстің 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне өз құзыреті шегінде Бас анықтау органы басқармасының (департаментінің), анықтау органы басқармасының, бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.
2. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін және оларды жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті жедел-іздестіру, қылмыстық-процестік, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жедел-іздестіру іс-шараларының, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсынады.
3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша:
1) кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің тапсырмаларын, оның ішінде жекелеген тергеу ісін және өзге де әрекеттер жүргізу және жәбірленушілерді, куәларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
3) сот тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады.
Анықтау органының бастығы прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың әрекеттерінің уақтылығын және заңдылығын бақылайды және:
1) олардың іс жүргізуіндегі істерді тексеруге;
2) жекелеген тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу, күдіктінің іс-әрекетін саралау, істерді, материалдарды бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) анықтауды бірнеше анықтаушыға тапсыруға;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және бұл ретте істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап не жекелеген процестік әрекеттерді орындай отырып, анықтауды жеке өзі жүргізуге;
5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға;
6) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Анықтау органының бастығы мүлікке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекітеді; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді; прокурорға қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.
Ескерту. 5-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
6. Анықтау органы бастығының іс бойынша нұсқаулары анықтаушының осы Кодекстің 63-бабында белгіленген дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқаулар жазбаша нысанда беріледі және олардың орындалуы міндетті, бірақ бұл жөнінде прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Осы Кодекстің 63-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей