Ст. 74 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
74-бап. Азаматтық жауапкер
1. Қылмыстық істе өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өзіне қойылған талапқа байланысты өз мүдделерін қорғау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың және азаматтық талап қоюдың мәнін білуге;
2) талап қоюға қарсылық білдіруге, қарсы талап қоюды беруге;
3) қойылған талаптың мәні бойынша түсініктемелер мен айғақтар беруге;
4) өкілінің болуына;
5) қылмыстық іске қосып тігу үшін материалдарды ұсынуға;
6) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
6-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
7) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін азаматтық талап қоюға қатысты материалдармен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға;
8) өзінің мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдер туралы білуге және мәлімделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешімдердің көшірмелерін алуға;
9) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
10) сот жарыссөздерінде сөйлеуге, қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге;
11) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
12) соттың үкімі мен қаулысына азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға;
13) азаматтық талап қою бөлігінде іс бойынша келтірілген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
14) мәлімделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
15) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық жауапкер осы Кодекстің 71-бабының сегізінші бөлігінде көзделген міндеттерді көтереді.
4. Азаматтық жауапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да міндеттерді көтереді.
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 72-бап. Жекеше айыптаушы ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 71-бап. Жәбiрленушi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 77-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей