Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 91 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Су Кодексi
91-бап. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін объектілерді пайдалануға беруге тыйым салу

1. Мыналарды: 

1) судың зиянды әсерін, ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдары жоқ жаңа және реконструкцияланатын объектілерді; 

2) су тарту құрылысжайларын балық қорғау және (немесе) балық өткізу құрылғыларынсыз; 

3) су объектілеріне немесе жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын мал шаруашылығы фермалары мен басқа да өндірістік кешендерді сарқынды суларды тазарту құрылысжайларынсыз; 

4) суару, суландыру және құрғату жүйелерін, су қоймаларын, бөгеттерді, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылысжайларды жобаларда көзделген, жерді су басуын, топан су басуын, жердің батпақтануын және сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын іс-шаралар жүргізілгенге дейін; 

5) гидрогеологиялық ұңғымаларды су реттегіш құрылғыларымен және су тұтынуды есепке алу аспаптарымен жабдықтамай; 

6) су тарту құрылысжайлары мен өзге де гидротехникалық құрылысжайларды жобалау құжаттамасында көзделген санитариялық қорғау аймақтарын белгілемей және су объектілері мен гидротехникалық құрылысжайлар жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерінсіз; 

7) мұнай, химия заттарын және су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін басқа да заттарды тасуға және сақтауға арналған құрылысжайлар мен құрылғыларды судың ластануын болғызбауға арналған құралдармен жабдықтамай және тасу кезіндегі авариялардың салдарын жою жоспарларын бекітпей пайдалануға беруге тыйым салынады. 

2. Сарқынды сулармен суару объектілерін осы сарқынды сулардың сапалық жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай пайдалануға беруге жол берілмейді. 

3. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды – бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларын олардың табанын су басуға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмай, пайдалануға беруге жол берілмейді. 

4. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін объектілерді пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Статья 1 ...89 90 91 92 93 ...134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться