Ст. 92 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау
Ескерту. 92-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы.
Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.
Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.
2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу бассейндік инспекциялармен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 92-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?
Здравствуйте у меня два штрафа висят с 2020 того года административных что делать как быть
Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей