Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 323 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
323-бап. Арыз беру

1. Азаматты спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға құнығу салдарынан әрекетке қабілетін шектеулі деп тану туралы іс онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша қозғалуы мүмкін. 

2. Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс сотта онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесінің арызы бойынша қозғалуы мүмкін. 

3. Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы іс ата-аналарының, бала асырап алушылардың, қорғаншысының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың арызы негізінде қозғалуы мүмкін. 

4. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы немесе он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы іс қорғаншы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекет қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз адамның да, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың да мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады. 

5. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы немесе он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы арыз – осы адамның тұрғылықты жері бойынша, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, онда сол мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
Статья 1 ...321 322 323 324 325 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 323-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ