Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
58-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді бастау үшін негіздер



Ст. 58 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергейді және тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің монополияға қарсы органға келіп түсуі тергеуді бастау үшін негіз болып табылады, олар:

1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;

3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;

4) монополияға қарсы органға келіп түскен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы болып табылады.

5) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Тергеудiң басталуы тергеу жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.

4. Әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім немесе келісілген әрекет (картель) белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін қоспағанда, тергеп-тексерудің басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.

Әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім немесе келісілген әрекет (картель) белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне қатысты тергеп-тексеру – тергеп-тексеру объектілерін алдын ала хабардар етпей жүргізіледі.

 Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...56-1 57 58 59 60 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 58-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV