Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
14-бап. Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң  мәжбүр ету шараларын қолдануының шарттары  мен шегi



Ст. 14 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мәжбүр ету шараларын осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiпке сәйкес қолдануға құқылы.

2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң жауынгерлiк техниканы, қару мен арнайы құралдарды қолданған жағдайлары туралы тиiстi командирлер прокуратура органдарын жиырма төрт сағат iшiнде хабардар етедi.

3. Мәжбүр ету шараларын қолдану шегiнен асқан Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi заңда белгiленген ретпен жауапкершiлiкке тартылады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.08 N 516 Заңымен.  

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы