Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
15-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң  арнайы құралдар мен күш қолдануы



Ст. 15 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мынадай жағдайларда:

1) күзетiлетiн адамдарға, әскери қызметшiлерге, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлер мен жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;

2) Республикалық ұланның әскери қызметшiсiнiң өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрген қарсылықты тыйып тастау үшiн;

3) атыс қаруы мен суық қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, химиялық және улы заттарды жандарында заңсыз ұстап, қарсылық көрсеткен адамдарды қарусыздандыру үшiн;

4) Республикалық ұлан құрамалары орналасқан жерлерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;

5) кепiлге алынған адамдарды құтқару, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды, көлiк құралдары мен жүктердi босату үшiн;

6) жүргiзушiсi Республикалық ұланның әскери қызметшiсiнiң заңды талаптарын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн арнайы құралдар мен күш қолдануға құқығы бар.

2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық байқалған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар адамдардың өмiрiне қатер төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен, топтасып немесе өзгедей шабуыл жасамаған жағдайларда, арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

3. Арнайы құралдар тiзбесi мен Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң оларды қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.08 N 516 Заңымен.  

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы