Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері



Ст. 20 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405




1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Тізбесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар өтінішке қоса беріледі. 

1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған орган немесе ұйым өтініш берушіні қағаз жеткізгіштердегі құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді. 

2. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға береді.  

3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе ХҚО арқылы өтініш берушіге қайтарады. 

4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға ұсынылған құжаттардың анық екендігі туралы сұрау салуды жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл peттe, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.   

5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.

Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.   

6. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.

Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:

еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қорға өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін МӘС бөлімшесі белгілеген күннен бастап;

асыраушысынан айырылған жағдайда – қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күнінен бастап не азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап туындайды.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем үлесiн бөлу құқығы әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға оны бөлу үшін өтiнiш жасалған күннен бастап туындайды;

жұмысынан айырылған жағдайда – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің Қорға өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысының жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап;

жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда – еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап;

жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап;

бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда – баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.

Жұмысынан айырылған, жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Қордан төленетiн әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау мерзімдері Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс. 

7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.

Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықтың құрылымдық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.  

8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405