Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi



Ст. 9 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:  

1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;  

2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;  

3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;  

4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;  

5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;  

6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;  

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;  

8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;  

9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;  

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;  

11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану; 

12) жобалау және құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы; 

13) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы. 

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481