< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 61-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

ҚР Бюджет кодексi
61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік

1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік: 

1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есепті; 

2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есепті; 

3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есепті; 

4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есепті; 

5) түсіндірме жазбаны қамтиды. 

2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады. 

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады. 

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. 

3. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің бағалануы мен болжамының сәйкестігін қамтамасыз етеді. 

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерде мынадай көрсеткіштер: 

операциялық қызметтің нәтижесі; 

операциялық қызметтің нәтижесі (мұнайға қатысты емес); 

таза кредиттеу (қарыз алу); 

бюджеттің жалпы сальдосы; 

бюджеттің жалпы сальдосы (мұнайға қатысты емес); 

ақшаның профициті (тапшылығы); 

ақшаның жалпы профициті (тапшылығы); 

ақшаның жалпы профициті (тапшылығы) (мұнайға қатысты емес); 

борыш; 

таза борыш ескеріле отырып, тиісті бюджеттің кірістері мен шығыстарының, қаржылық нәтижесінің болжамы қамтылады. 

5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады. 

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады. 

Ескерту. 11-тарау 61-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...60 61 61‑1 62 63 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться