< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 309 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.04.2025

ҚР Экологиялық кодексi
309-бап. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеу

1. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу мынадай операцияларды қамтиды: 

1) өнімдер мен жабдықтарды үстеп құю операцияларын қоса алғанда, өндірісте, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде не өзге де технологиялық процестерде озонды бұзатын заттарды пайдалану (бұдан әрі – озонды бұзатын заттарды пайдалану); 

2) озонды бұзатын заттарды тасу; 

3) озонды бұзатын заттарды сақтау; 

4) машиналар мен жабдықтардағы, олардың құрауыш бөліктеріндегі, контейнерлердегі озонды бұзатын заттарды оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе оларды пайдаланудан шығару алдында алу, жинау және сақтау түсінілетін озонды бұзатын заттарды рекуперациялау; 

5) озонды бұзатын заттардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды өңдеу түсінілетін озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру; 

6) қалпына келтіруге жатпайтын озонды бұзатын заттарды рециркуляциялау немесе залалсыздандыру мақсатында механизмдерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығарар алдында алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату. 

2. Озонды бұзатын заттарды рециркуляциялау (рециклдеу) – рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды қалпына келтірілгеннен кейін қайта пайдалану. 

3. Озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру – озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін құрамдастарға тұрақты трансформациялауға немесе ыдырауға әкелетін бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою. 

4. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган озонды бұзатын заттарды пайдаланып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасуға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Статья 1 ...307 308 309 310 311 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться