< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 367 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
367-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі

1. Тұрмыстық қатты қалдықтар деп қатты пішіндегі коммуналдық қалдықтар түсініледі. 

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі (бұдан әрі – орталықтандырылған жүйе) – меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) тұратын (орналасқан) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнер алаңдары мен контейнерлері жоқ, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жерде орналасқан, меншік құқығындағы контейнер алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе. Контейнер алаңдары – тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы бейімделген көлікке арналған кірме жолдары бар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар. 

3. Тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жария шарттар негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті өкілді орган бекіткен тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдағаны үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге міндетті. 

Тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйені пайдалану кезінде осы Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындаған, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға шарт жасасуға міндетті. 

Жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің орталықтандырылған жүйеге жатпайтын көрсетілетін қызметтерін пайдалану кезінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар және хабарламалар тізіліміне енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға шарт жасасуға міндетті. 

4. Орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган осы Кодекстің талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады. 

5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай қағидаларға сәйкес келетін және қалдықтардың басқа түрлерін тасымалдауға арналмаған, арнайы жабдықталған көлік құралдарын ғана пайдалануға міндетті. 

6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өз бетінше әкету кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер осы Кодекстің талаптарын сақтауға, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасасуға міндетті. 

7. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері немесе тұрмыстық қатты қалдықтарды өз бетінше әкетуді жүзеге асыратын қалдықтардың меншік иесі мұндай қалдықтардың тұрмыстық қатты қалдықтарды қалпына келтіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді. 

8. Осы Кодекстің 351-бабында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигонына қалдықтарды тікелей әкету тұрмыстық қатты қалдықтарды қалпына келтіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері болмаған немесе осы елді мекендегі осындай субъектілердің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

368-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

368-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау (оның ішінде әкету) осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты "Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор" ақпараттық жүйесіне беруге міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйелердің деректері бойынша қадағалау үшін "Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор" ақпараттық жүйесінің тиісті кіші бөлімін әзірлеуді және жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері тиісті қызметтер көрсету кезінде мынадай талаптарды сақтауға: 

1) тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын "Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор" ақпараттық жүйесіне қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтауға және бұл жүйелерді үнемі жұмыс жағдайында ұстауға; 

3) тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларында белгіленген үлгілік нысан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың меншік иелерімен шарттар жасасуға; 

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға, көлік құралдарының боялуына, арнайы айырым белгілерімен жабдықталуына және жабдықтарына, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарында белгіленеді. 

 

28-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Статья 1 ...365 366 367 368 369 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться