< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 39 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
39-бап. Эмиссиялар нормативтері

1. Эмиссиялар нормативтері деп экологиялық рұқсатта белгіленетін эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы түсініледі. 

2. Эмиссия нормативтеріне: 

1) жол берілетін шығарындылар нормативтері; 

2) жол берілетін төгінділер нормативтері жатады. 

3. Эмиссия нормативтері осы Кодекстің 11-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттар түрлері бойынша белгіленеді. 

4. Эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, мынадай: 

1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – осы Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден; 

2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – осы Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.  

Өздеріне қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілетін объектілер үшін эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда келтірілген ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының тиісті шекті мәндерінен аспайтын деңгейлерде белгіленеді. 

5. Объектіні пайдалану кезеңіне арналған, оның ішінде қызметке елеулі өзгерістер енгізу кезіндегі эмиссиялар нормативтері объектіні пайдалану үшін тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін жеке құжат – эмиссиялар нормативтерінің жобасы (жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы) түрінде есептеледі және негізделеді. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар кезеңіне арналған эмиссиялар нормативтері тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімінің құрамында есептеледі және негізделеді. 

6. Эмиссиялар нормативтерін айқындау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша осы Кодекстің талаптарына сәйкес есептеу жолымен жүзеге асырылады.  

7. Эмиссиялар нормативтерінің жобаларын әзірлеуді I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады. 

8. Эмиссиялар нормативтері экологиялық рұқсаттың қолданыс мерзіміне белгіленеді. 

9. Көрсеткіштері экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінен асатын қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемдері нормативтен жоғары деп танылады. 

10. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың осы Кодекстің талаптарына сай келетін әдістерін қолдану салдарынан жүзеге асырылатын эмиссиялар нормалауға жатпайды және нормативтен жоғары деп есептелмейді. 

11. ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін эмиссиялар нормативтері белгіленбейді. 

Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться