< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 180 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
180-бап. Жер қойнауын пайдаланушының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептілігі

Уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы мынадай есептерді: 

1) геологиялық есепті; 

2) Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлары туралы жария есептілігінің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебін; 

3) келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті; 

4) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есепті; 

5) уранды өндіру бойынша жүргізілген операциялар және оларға жұмсалған шығыстар туралы есепті; 

6) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті; 

7) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті; 

8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы есепті; 

9) уран өндіру бойынша есепті; 

10) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті; 

11) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті ұсынуға міндетті.  

Осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.  

Осы баптың 3) – 5) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.  

Осы баптың 6) – 11) тармақшаларында көзделген есептер уран өндіру саласындағы уәкілетті органға өзі бекітетін нысандар және тәртіп бойынша ұсынылады.
Статья 1 ...178 179 180 181 182 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться