< ҚР Салық кодексi

Ст. 278 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР Салық кодексi
278-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілердің тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдерді қолдану ерекшеліктері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде, тіркеп-белгіленген активтердің амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған сатып алыну құны олардың бастапқы құны болып табылады. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, активтің пайдаланылуы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы сатып алу құны болып табылады. 

Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында оның осы Кодекстің 724-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады. 

Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, активтің осы активке меншік құқығы туындаған күнгі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады. 

Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың: 

осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнының; 

осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының; 

осындай салық төлеуші активті алғаш пайдалануға енгізген күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркеп-белгіленген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған оны реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар, амортизацияның есеп айырысу құнына азайтылған, осы Кодекстің 286-бабының 2), 13 және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркеп-белгіленген актив болып танылады. 

Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың: 

осы тармаққа сәйкес айқындалған реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар сомасының; 

осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының; 

реконструкциялау, жаңғырту аяқталған күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

Осы тармақтың, осы Кодекстің 390-бабы 3-тармағының және 591-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін нәтижелері бір мезгілде: 

негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту; 

негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту; 

реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда осы негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту реконструкциялау және жаңғырту деп танылады. 

3. Тіркеп-белгіленген актив осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілуге жататын топқа қарай амортизацияның мынадай айлық нормалары қолданылады: 

Р/с
№  
Топтың №  Тіркеп-белгіленген активтердің атауы  Амортиза
цияның айлық нормасы, % 
1.  Мұнай және газ ұңғымаларын, сондай-ақ беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар  0,83 
2.  II  Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдықтар  2,08 
3.  III  Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдықтар  3,33 
4.  IV  Басқа топтарға енгізілмеген тіркеп-белгіленген активтер, оның ішінде мұнай және газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары  1,25 

 

Реконструкциялау және жаңғырту нәтижесінде құрылған тіркеп-белгіленген актив осы баптың 2-тармағын қолдану мақсаттарында реконструкциялауға және жаңғыртуға ұшыраған тіркеп-белгіленген актив енгізілуге жататын топқа енгізіледі. 

4. Тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны мынадай шарттар бір мезгілде орындалған: 

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан; 

салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін күнтізбелік 12 айдан аз уақыт қолданған; 

салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған кезде осы тармаққа сәйкес айқындалады. 

Тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданыла бастаған күннің алдындағы күнгі I топ объектісінің құндық балансының және (немесе) топтың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық балансының және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылған кезеңде осы Кодекстің 275 – 277 және 279 – 282-баптарына сәйкес айқындалған тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдердің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Статья 1 ...276 277 278 279 280 ...848
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім



Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?



Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама



Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день



Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться