< ҚР Салық кодексi

Ст. 468 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
468-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

1. Төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және импортталатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi. 

Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады. 

2. Осы баптың мақсаттары үшiн: 

1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі; 

2) оның салдарынан тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы болған оқиға акцизделетiн тауардың жоғалуы деп түсініледі. 

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндірушінің нормативтік және техникалық құжаттамасында регламенттелетін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды. 

Ескерту. 468-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...466 467 468 469 470 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться