< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 85 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
85-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу

1. Мынадай жағдайларды: 

1) авариялық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі; 

2) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде; 

3) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатсыз жол беріледі. 

Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы мұнай және газ саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабарландыруға міндетті. 

Мұндай хабарламада ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу себептері және жағылатын газдың көлемі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. 

3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi. 

Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. 

4. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде газды жағуға бекітілген жобаға сәйкес әрбір ұңғыма объектісі үшін үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. 

Кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат берілуі мүмкін. 

5. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде газды жағу іске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты кезең ішінде жүзеге асырылады. 

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды жағу жабдықтарды пайдалану кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағудың көлемінен аспайтын, реттелетін көлемде жүзеге асырылады. 

5-1. Технологиялық жабдықтың жұмысында технологиялық іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы тергеп-тексеру жүргізуге және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдарға технологиялық іркілістердің, істен шығулар мен ауытқулардың себептерін көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті. 

6. Алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.13 № 542-IV (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...83 84 85 86 87 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться