Ст. 31 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі
1. Қызметкерді ауыстыру – бұл оның лауазымдық жағдайын немесе қызмет орнын өзгерту.
Ауыстыру:
1) лауазымға тағайындалған;
2) іссапарға жіберілген;
3) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша бастықтың қарамағына жіберілген;
4) әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған;
4-1) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшелерінің арасында ауыстырылған;
5) бір арнаулы мемлекеттік органнан басқасына не Қарулы Күштерден, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстырылған;
6) бөлімше тұрақты орналасу орнын өзгерткен;
7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.
2. Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға сəйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уəкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.
3. Қызметкерді ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен істерді және лауазымын тапсырғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Істерді және лауазымын тапсыруды бастауды уәкілетті басшы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді-көшірме немесе қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама түскен күннен бастап, бірақ хабарлама келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген қызметкер үшін – ол келген күннен бастап айқындайды.
4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.
С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?
Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.
Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.
Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.
Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?
Заранее спасибо.
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей