< Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы

Ст. 67 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды: 

1) қызметкердің теріс қылықтары туралы қызметтік тексеру материалдарын қарауды; 

2) жазалар түрлерін қолдану мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді және уәкілетті басшыға енгізуді жүзеге асырады. 

2. Тәртіптік комиссия өз құзыреті шегінде функцияларды іске асыру мақсатында мыналарға: 

1) теріс қылық жасаған қызметкердің, куәгерлердің және қызметтік тексеру жүргізген лауазымды тұлғалардың түсініктерін тыңдауға; 

2) материалдар, ақпарат сұратуға және теріс қылыққа (оқиғаға) қатысты кез келген фактілерді зерттеуге құқылы. 

3. Тәртіптік комиссияның төрағасы: 

1) тәртіптік комиссияны басқарады, оның жұмысына басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 

2) тәртіптік комиссия отырыстарының күн тәртібін айқындайды; 

3) қызметтік тексеру материалдары келіп түскен кезде тәртіптік комиссия отырысының уақытын айқындайды. Тәртіптік комиссияның төрағасы болмағанда оның уәкілеттік етуі бойынша отырыстарда тәртіптік комиссия мүшелерінің біреуі төрағалық етеді; 

4) тәртіптік комиссияның отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды. 

4. Тәртіптік комиссияның хатшысы: 

1) тәртіптік комиссия мүшелерін тәртіптік комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді; 

2) тәртіптік комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады; 

3) тәртіптік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді; 

4) тәртіптік комиссияның ұсыныстарын басшыға жібереді; 

5) тәртіптік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

5. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...86
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться