< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Ст. 30 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу

1. Судья лауазымына кандидаттарға шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан, лауазымға орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

2. Аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос лауазымдарға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар қатарынан конкурстық негізде жүзеге асырады. 

Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Жоғары Сот Кеңесі бекітетін, құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын, облыстық сот судьясының бос лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеудің тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды. 

Шалғай жерде орналасқан соттың судьясы лауазымына конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесі осы сот судьясының бос лауазымына Жоғарғы Сотпен келісу бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекіткен сыныптау шәкілін негізге ала отырып, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамды ұсына алады. 

2-1. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдар қатарынан жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

3. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы оларды қарағаннан кейін Жоғарғы Сот Төрағасының енгізген ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды. 

4. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. 

Шалғай жерде орналасқан соттарда немесе штат саны үш бірліктен аспайтын соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде өзге жағдайлары тең болса, басымдыққа ие болады. 

Облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсыным жасалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың бесінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген өлшемшартқа қосымша ұйымдастырушылық қабілеттері де ескеріледі. 

Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьялары арасынан ұсынылады. 

Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымдарға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды. 

Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидатты сайлау туралы ұсынуды конкурстан тыс тәртіппен енгізуге құқылы. 

Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды. 

Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды, осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына баламалы негізде енгізеді. 

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.07.2024 № 109-VIII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...29 29‑1 30 30‑1 31 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться