Ст. 12-2 Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы
12-2-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін реттеу
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензиясы жоқ тұлғалар жүзеге асыратын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметтерін көрсету жөніндегі қызметке жол берілмейді.
3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын лицензиялау тәртібін және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген нормативтік құқықтық актісі мыналарды қамтиды:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесі;
2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;
4) ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қайта ұйымдастыру тәртібі.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін өтінішті өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген құжаттардың толық жинақталымын ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді де (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріле отырып) қамтитын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген жарғылық капиталға ақы төленгенін растайтын құжаттар;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы үлгілік жарғы бойынша қызметті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының банкпен немесе Ұлттық пошта операторымен, цифрлық активтер биржасымен немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге қолжетімділікті ұсынатын өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басқару органы бекіткен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асырудың міндетті шарттары мен қағидаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді;
6) өтінішті және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді беруге адамның өкілеттігін растайтын құжат.
7. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны бергені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
8. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия шексіз мерзімге беріледі.
9. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
10. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгінгенге дейін қалыптастырылады.
11. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттардың және Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
12. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басқа ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) жарғылық капиталына қатысуына жол берілмейді.
13. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының кәсіпкерлік қызметінің айрықша түрі болып табылады.
14. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну нысандарын, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
15. Мыналарды:
1) мінсіз іскерлік беделі жоқ адамдарды;
2) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмді, экстремизмді қаржыландырумен және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамдарды;
3) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент жеке тұлғалары мен заңды тұлғалары қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының немесе акционерлерінің бірі), бенефициарлық меншік иелері болып табылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекет (аумақ) деп қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасаған тізбеге "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген мемлекет (аумақ) түсініледі.
16. Мыналарды:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарды;
2) жоғары білімі жоқ адамды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкері болып табылады.
Лучшие юристы
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей