< Темiр жол көлiгi туралы

Ст. 66-1 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Темiр жол көлiгi туралы
66-1-бап. Жолаушылар поездарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу тәртібі

Ескерту. 66-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Жолаушылар поездарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды уәкілетті орган жүргізеді. 

2. Жолаушылар поездарында тасымалдаушылардың Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларын сақтауын тексеруді уәкілетті органның лауазымды адамы (адамдары) тексеруді тағайындау туралы актiнің негiзiнде жүргiзедi. 

Тексеруді тағайындау туралы актiде: 

1) актінің күні және нөмірі; 

2) уәкілетті органның атауы; 

3) тексеруді жүргiзуге уәкілеттілік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы; 

4) жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналындағы тіркеу күні мен нөмірі; 

5) тексерілетін субъектінің атауы мен жолаушылар поезының нөмірі; 

6) тексерілетін субъектінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН); 

7) тексеру мәселелері; 

8) тексеру жүргiзу мерзімі; 

9) актілерге қол қоюға уәкілеттілігі бар адамның қолы мен уәкілетті органның мөрі көрсетіледі. 

3. Тексеруді тағайындау туралы акт жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдауды жүзеге асыратын, тексерілетін әрбір субъектіге жолаушылар поездарының нөмірлері көрсетіле отырып толтырылады. 

Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі. 

Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын уәкілетті орган бекітеді. 

4. Лауазымды адамдар жолаушылар поезын тексеруді бастаудың алдында қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын және осы поезды тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді, бұл ретте тексерудің басталғаны туралы жолаушылар поезының бастығын немесе аға жолсерiгiн (вагон-мейрамхана директорын, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыны, қызметтік вагон жолсерiгiн) қол қойғыза отырып, таныстырады. 

5. Мемлекеттік бақылаудың объектісі болып табылатын жолаушылар поезына лауазымды адамды жіберуге кедергі келтірілген жағдайда, ол хаттама толтырады. Тексерілетін объектіге жіберуден бас тарту, тексеруді болдырмау үшін негіз болып табылмайды. 

6. Жолаушылар поезын Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуы тұрғысынан тексеруді лауазымды адамдар жолаушылар поезы жөнелтілгеннен кейін бастайды. 

7. Тексерілетін жолаушылар поезының барлық вагондарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуы бөлігінде тексеру жүзеге асырылады. 

8. Жолаушылар поезын тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдар тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. 

Тексеру нысанасына қойылған талаптарды бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады. 

9. Тексеру нәтижелері туралы акт екі данада жасалады. 

Тексеру нәтижелері туралы актіде: 

1) тексеру күні, уақыты және учаскесі; 

2) уәкілетті органның атауы; 

3) негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі; 

4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы; 

5) тексерілетін субъектінің атауы, жолаушылар поезының нөмірлері мен қатынастары, тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығының немесе аға жолсерiгiнің (вагон-мейрамхана директорының, жүк вагонын қабылдап-тапсырушының, қызметтік вагон жолсерiгiнің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде); 

6) тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер; 

7) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығының немесе аға жолсерiгiнің (вагон-мейрамхана директорының, жүк вагонын қабылдап-тапсырушының, қызметтік вагон жолсерiгiнің) тексеру нәтижелері туралы актімен танысқандығы немесе танысудан бас тартқандығы жөніндегі мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартуы; 

8) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі. 

Тексеру нәтижелері туралы актіге бар болған жағдайда тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі. 

10. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) оларды жазбаша нысанда баяндайды. 

Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады. 

11. Тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезының бастығына немесе аға жолсерiгiне (жолаушылар поезының құрамындағы вагон-мейрамхана, жүк вагоны және қызметтік вагон тексерілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы актінің бір-бір данасы тиісінше вагон-мейрамхана директорына, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыға, қызметтік вагон жолсерiгiне табыс етіледі) танысуы және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауы үшін табыс етіледі. 

12. Лауазымды адамның (адамдардың) жолаушылар поездарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды жүргізу кезінде: 

1) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруге; 

2) тексеру нәтижелерінің актісіне қоса беру үшін тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін алуға; 

3) мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар. 

13. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелеріне жатпайтын талаптарды қоюына және өтініштер жасауына тыйым салынады. 

14. Уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 

2) тексерулерді осы Заңмен белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге; 

3) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезының бастығына немесе аға жолсерiгiне (вагон-мейрамхана директорына, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыға, қызметтік вагон жолсерiгiне) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні ол аяқталған күні табыс етуге міндетті. 

15. Жолаушылар поезының бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) бақылау жүргізу кезінде: 

1) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер өтіп кеткен; 

2) тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамның (адамдардың) деректерінің тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамның (адамдардың) деректерімен сәйкес келмеген жағдайларда объектіге тексеру жүргізу үшін келген уәкілетті органның лауазымды адамын (адамдарын) тексеруге жібермеуге құқылы. 

16. Жолаушылар поезының бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) уәкілетті орган Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізген кезде: 

1) осы Заңның 66-1-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде, лауазымды адамның (адамдардың) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге; 

2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін ұсынуға; 

3) тексеру тағайындалғаны туралы актімен танысқандығы жөнінде белгі жасауға; 

4) актінің екінші данасында тексеру аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі жасауға міндетті. 

Ескерту. 66-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 494-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...65 66 66‑1 66‑2 67 ...97
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться