< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Ст. 42 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
42-бап. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы

1. Аумақты ұйымдастыру және оның кеңiстiгiне өндiргiш күштердi орналастыру Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасында қабылданған шешiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы: 

1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың ережелеріне сәйкес өндiргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi қағидаттарын; 

2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтiң, республикалық маңызы бар көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негiзгi ережелерін; 

3) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафттық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөнiндегi негiзгi шараларды; 

4) табиғи және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң немесе қысылтаяң табиғи-климаттық жағдайлардың әсерiне ұшыраған ерекше қорғалатын аумақтарды, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдалану немесе пайдалануды шектеу түрлерін қамтиды. 

5) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

3. Бас схема:  

1) өндiргiш күштердi жайғастыру және орналастыру жүйесiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етедi;  

2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесiн, мақсаты мен сипатын белгiлейдi;  

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру арқылы әлеуметтiк-экономикалық және шаруашылық даму жөніндегi өңіраралық және салааралық мемлекеттiк мүдделердi үйлестiредi. 

4. Бас схеманың негiзгi ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.  

5. Бас схеманы әзiрлеу және келiсу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  

Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. № 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...79
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться