< Ақпараттандыру туралы

Ст. 12 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
12-бап. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы

"Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы: 

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 

3) "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 

4) "электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді; 

5) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5-1) "ақылды" қалалар салу жөніндегі әдістемені (Қазақстан Республикасы "ақылды" қалаларының эталондық стандартын) әзірлейді; 

6) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8-1) ақпараттандырудың сервистік моделін дамытуды ұйымдастырады; 

9) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті құруды және дамытуды ұйымдастырады; 

10) ақпараттандыру саласында инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ "электрондық үкiметтің" ақпараттандыру объектісін және "электрондық үкімет" архитектурасын құру мен дамытуға арналған техникалық тапсырманың сараптамасын жүргізеді; 

11) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізуге қолдау көрсетіп отырады; 

13) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру мен дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады; 

15) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру мен дамыту, деректерді басқару, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезіндегі жобалық басқару кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді; 

16) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасын есепке алуды жүзеге асырады; 

17) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

18) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді; 

18-1) уәкілетті органға ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есептемесіне сараптамалық қорытынды береді; 

19) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

20-1) "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын толық емес және өзекті емес мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграциялануына талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді; 

21) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

21-1) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

22) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

23) деректерді, оның ішінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қалыптастыратын ашық деректерді талдауды жүргізеді. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 13‑1 ...67
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться