< Ақпараттандыру туралы

Ст. 13 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
13-бап. Оператор

1. Оператор: 

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 

2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады; 

3) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыру және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғаларды тартуға құқығы бар; 

4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу арқылы қызметтер көрсетеді; 

5) операторға бекітіліп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

6) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді; 

8) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8-1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін дамыту және орналастыру үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

8-2) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

9) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялауды және қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қосуды жүзеге асырады; 

10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылар) ретінде өзге де тұлғаларды тартуға құқығы бар; 

11) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады; 

12) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 

12-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 

13) мемлекеттік органдар және электрондық нысанда қызметтер көрсететін өзге де субъектілер берген электрондық ақпараттық ресурстармен "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыруды жүзеге асырады; 

13-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны не дербес деректерді өңдеу туралы "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне немесе олардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне қысқаша мәтіндік хабар түрінде ақпарат жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады; 

14) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді; 

15) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады; 

16) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады; 

17) деректерді басқару талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;"; 

18) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

19) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Оператор өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 13‑1 13‑2 ...67
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться