< Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Ст. 20 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері

1. Қордың: 

1) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға; 

2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардан сұратуға және алуға; 

3) медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға; 

4) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға; 

5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізбесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға; 

6) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Қор: 

1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүзеге асыруға; 

2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарымен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне уақтылы ақы төленуін қамтамасыз етуге; 

3) қордың уақытша бос тұрған қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыруға; 

3-1) медициналық қызметті рұқсат беру құжаттарынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз) жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісіне жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты сомасының 10 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын қолдануға; 

4) жыл сайынғы тәуелсіз аудиттің жүргізілуін қамтамасыз етуге; 

5) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға; 

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервті қалыптастыруға; 

7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды жоспарлауға; 

8) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге; 

9) азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі шағымдары мен өтініштерін қарауға; 

9-1) осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастыруға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жіберуге; 

9-2) тоқсан сайын өзінің ресми интернет-ресурсында: 

есепті кезеңде түскен қаражат көлемін; 

сомаларын көрсете отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек түрлеріне бөлінетін қаражат туралы мәліметтерді; 

көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға төленген қаражат туралы мәліметтерді; 

қордың әкімшілік шығыстары туралы мәліметтерді жариялауға; 

9-3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдауға;  

10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

3. Қор: 

1) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, қордың активтеріне билік етуге; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес. 

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2025 № 206-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...41
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін



көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться