< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 295-2 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген заңды тұлға арасында жасалатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жеті жарым миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт инвестициялар туралы келісім болып табылады. 

Инвестициялар туралы келісімде инвестициялар туралы келісім жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген преференциялар мен жеңілдіктер беру шарттары мен тәртібі айқындалады, сондай-ақ инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. 

Инвестициялар туралы келісімдер мынадай қызмет түрлеріндегі жобаларды іске асыру үшін жасалмайды: 

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет; 

2) акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу; 

3) лотерея өткізу; 

4) ойын бизнесі саласындағы қызмет; 

5) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет; 

6) банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); 

7) аудиторлық қызмет; 

8) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызмет; 

9) цифрлық майнинг саласындағы қызмет; 

10) кредиттік бюролардың қызметі; 

11) күзет қызметі; 

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет; 

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде кен іздеушілердің қызметі; 

14) пайдалы қазбаларды өткізу, оның ішінде трейдерлердің қызметі, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызмет. 

2. Инвестициялар туралы келісімнің мерзімі, оны өзгертудің және бұзудың тәртібі мен шарттары инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларында белгіленген. 

3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын ережелерді, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша инвестициялар туралы келісімге өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда инвестициялар туралы келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз күшін сақтайды. 

Ескерту. 295-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...295 295‑1 295‑2 295‑3 296 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться