< ҚР Әлеуметтік Кодексі

Ст. 195-5 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
195-5-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату

1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады: 

1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады; 

3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады; 

4) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады; 

5) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады. 

2. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады. 

3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу:  

1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер; 

2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші; 

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер; 

4) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. 

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу осындай төлемді алушы осы Кодекстің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады. 

15-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

1-параграф. Жалпы ережелер

Статья 1 ...195‑3 195‑4 195‑5 196 197 ...263
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться