Ст. 53 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп
1. Бюджеттік тәуекел – бұл орта мерзімді перспективада ішкі және (немесе) сыртқы экономикалық және (немесе) макроэкономикалық және басқа да факторлардың әсері салдарынан мемлекеттік қаржыны басқаруды қиындататын және бюджеттің шынайылығын төмендететін белгісіздік.
2. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті жыл сайын кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу кезінде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, олар айқындаған тәртіппен қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
3. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп:
макроэкономикалық, квазифискалдық тәуекелдерді, қаржы секторының тәуекелдерін, мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерімен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелермен байланысты тәуекелдерді және басқа да ерекше тәуекелдерді қамтиды;
cалық және (немесе) бюджет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру, ұзақ мерзімді және орта мерзімді болжау, кезекті жоспарлы кезеңге бюджетті жоспарлау кезінде ескеріледі;
бюджеттік тәуекелдердің бюджеттік параметрлерге әсерін бағалау үшін қолданылады;
республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
54-бап осы Кодекстің 172-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.
54-бап. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп
1. Салықтық шығыстар – бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге берілетін салықтық жеңілдіктер.
2. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепте салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды одан әрі қолданудың орындылығын бағалау қамтылады.
3. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есептің құрамына салықтық алшақтық көрсеткіші енгізіледі.
Салықтық алшақтық – бұл салықтық әлеует пен нақты түскен салықтар арасындағы айырма.
Салықтық әлеует – салықтық шығыстар мен қадағаланбайтын экономиканы қоса алғанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ықтимал сомасы.
Салықтық алшақтық есепті қаржы жылы бойынша есептеледі және салық саясатын, салықтық әкімшілендіруді және салықты жинаудың тиімділігін талдау үшін пайдаланылады.
4. Талдамалық есепті қалыптастыру мақсатында жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті органға:
уәкілетті мемлекеттік органдар – жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық шығыстарды мониторингтеу және бақылау жөніндегі мәліметтерді;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – салық төлеушілер қолданған салықтық жеңілдіктердің көлемі және олардың бюджетке түсетін түсімдерге әсері туралы мәліметтерді ұсынады.
Салықтық алшақтық салықтық түсімдердің толық жиналуын талдау кезінде қолданылады және салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын экономиканың дамуына саланың әсерін талдау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдары мен салық саясаты саласындағы уәкілетті орган қызметінің нәтижелері көрсеткіштерінің бірі салықтық алшақтықты азайту (қысқарту) болып табылады.
5. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу кезінде жыл сайын қалыптастырылады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі;
салық және (немесе) бюджет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру, ұзақ мерзімді және орта мерзімді болжау, бюджетті кезекті жоспарлы кезеңге жоспарлау кезінде ескеріледі;
осы Кодекстің 73-бабының 2-тармағына сәйкес енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде талдамалық ақпарат ретінде қолданылады;
республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 48-бап. Бюджеттік қағидалар жүйесі ҚР Бюджет кодексi 28-бап. Салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдер ҚР Бюджет кодексi 75-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы және оны қарау тәртібі ҚР Бюджет кодексi 8-бап. Талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын бюджет түрлері ҚР Бюджет кодексi 67-бап. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей