Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 54 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Бюджет кодексi
54-бап. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп

1. Салықтық шығыстар – бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге берілетін салықтық жеңілдіктер.  

2. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепте салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды одан әрі қолданудың орындылығын бағалау қамтылады. 

3. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есептің құрамына салықтық алшақтық көрсеткіші енгізіледі. 

Салықтық алшақтық – бұл салықтық әлеует пен нақты түскен салықтар арасындағы айырма. 

Салықтық әлеует – салықтық шығыстар мен қадағаланбайтын экономиканы қоса алғанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ықтимал сомасы. 

Салықтық алшақтық есепті қаржы жылы бойынша есептеледі және салық саясатын, салықтық әкімшілендіруді және салықты жинаудың тиімділігін талдау үшін пайдаланылады. 

4. Талдамалық есепті қалыптастыру мақсатында жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті органға: 

уәкілетті мемлекеттік органдар – жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық шығыстарды мониторингтеу және бақылау жөніндегі мәліметтерді; 

бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – салық төлеушілер қолданған салықтық жеңілдіктердің көлемі және олардың бюджетке түсетін түсімдерге әсері туралы мәліметтерді ұсынады.  

Салықтық алшақтық салықтық түсімдердің толық жиналуын талдау кезінде қолданылады және салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын экономиканың дамуына саланың әсерін талдау өлшемшарттарының бірі болып табылады. 

Мемлекеттік кірістер органдары мен салық саясаты саласындағы уәкілетті орган қызметінің нәтижелері көрсеткіштерінің бірі салықтық алшақтықты азайту (қысқарту) болып табылады. 

5. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп: 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу кезінде жыл сайын қалыптастырылады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі; 

салық және (немесе) бюджет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру, ұзақ мерзімді және орта мерзімді болжау, бюджетті кезекті жоспарлы кезеңге жоспарлау кезінде ескеріледі; 

осы Кодекстің 73-бабының 2-тармағына сәйкес енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде талдамалық ақпарат ретінде қолданылады; 

республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізіледі; 

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться