Ст. 75 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
75-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы және оны қарау тәртібі
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы – мемлекеттік органның функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің іске асырылуын, мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының тиісті мақсатына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларының іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ашып көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстар көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге жасайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік құжаттамасы.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және ол мынадай құжаттардан тұрады:
1) жоспарланатын кезеңге арналған:
жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мемлекеттік саясаттың мазмұны мен негізгі бағыттары туралы ақпаратты;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізін;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер туралы мәліметтерді;
жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін;
функцияларды, өкілеттіктерді, құзыреттерді іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемдерінің қысқаша сипаттамасын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қамтитын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің паспорты;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары туралы жалпы мәліметтерді:
осы Кодекстің 74-бабының 5 және 10-тармақтарында белгіленген блоктар бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шығыстарының лимиттерін;
бюджеттік бағдарламалардың, нысаналы индикаторлардың және түпкілікті нәтижелердің жалпы санын;
көзделген бюджет қаражатымен өзара байланысын қамтитын бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
3) мемлекеттік органның бекітілген даму жоспары немесе даму жоспарының жобасы (мемлекеттік органдардың даму жоспарын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін);
4) бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
5) есеп-қисаптар.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспорты шығыстар лимиттері негізінде және шегінде әзірленеді және онда міндетті түрде мыналар қамтылады:
бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі), ағымдағы мәртебесі;
бюджеттік бағдарламаның мақсаты;
іске асырылуына бюджеттік бағдарлама бағытталған мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторлары немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін);
мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы;
бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, шығыстар көлемдері көрсетілген іс-шаралар.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын шығыстар қамтылатын бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары немесе іс-шаралар жоспарлары және осы Кодекстің 119-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттік мониторинг нәтижелері қоса беріледі.
Даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген мемлекеттік органның инвестициялық жоспары қоса беріледі.
4. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражаты шығыстарының бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
5. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар осы Кодекстің 73-бабына сәйкес бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) енгізіледі.
6. Бюджеттік бағдарламаларға есеп-қисаптар – шығыстар көлемдерін негіздеуге арналған құжаттар мен материалдар жиынтығы жасалады.
7. Есеп-қисаптар бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне және (немесе) мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге арналған шығыстарды бағыттау қажеттілігі ескеріле отырып жасалады.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасына есеп-қисаптар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі функцияларының, өкілеттіктері мен құзыреттерінің іске асырылуын қамтамасыз етудің жеткіліктілігі ескеріле отырып жасалады.
Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша есеп-қисаптар толық көлемде жасалады және тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша қолданыстағы лимиттер аяқталатын жылы ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарында, мыналарды:
тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша есеп-қисаптарды;
республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) сомамен салыстырғанда өзгермейтін есеп-қисаптарды қоспағанда, барлық шығыстар бойынша есеп-қисаптар жасалады және ұсынылады.
Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп-қисаптар үшінші жылға ғана жасалады.
Есеп-қисаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры ескеріле отырып жасалады.
Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламада қосымша шығыстарды талап ететін немесе бюджет кірістерін қысқартуды талап ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік бағдарламамен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы ұсынылады.
8. Бюджеттік бағдарламаның паспортын әзірлеу кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының тиісті мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге немесе функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыруға бағдарлануы қажет;
шығыстар көлемі мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу қажеттілігі немесе функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыру қажеттілігі ескеріле отырып көзделеді;
осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторингтеу нәтижелері қолданылады;
түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерін тұжырымдауда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттарына және (немесе) нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу дәрежесі немесе функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің іске асырылу дәрежесі сипатталуға тиіс;
түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерінде жоспарланатын шығыстар көлемдері пайдаланыла отырып, мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу дәрежесі айқындалуға тиіс;
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының жоспарланатын шығыстар көлемінің және индикаторларының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларының (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) негізінде түпкілікті нәтижелердің шынайылығы ескеріледі;
іс-шараларда жоспарланатын шығыстардың барлық көлемі қамтылуға тиіс;
есеп-қисаптардың шынайылығы қамтамасыз етіледі.
9. Мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін) нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген соманың айырмасы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзу болып табылмайды.
Нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептері бюджеттік бағдарламаның сипаттамасында жазылады.
10. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын ведомстволық бюджет комиссиясы осы баптың 1 – 8-тармақтары талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
11. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған, ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар бюджеттік сұранымына шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымына шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады және:
облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға;
ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.
12. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған, ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар бюджеттік бағдарламасының паспортына шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесін және түпкілікті нәтижелерді таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бар-жоғы тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар паспорттарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары ескеріле отырып, сондай-ақ даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың басымдығы көрсетіле отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар паспорттарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары ағымдағы қаржы жылының 5 шілдесінен кешіктірілмей, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 35-бабына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік органдардың даму жоспарларына және мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын, бюджеттің атқарылуын талдау, осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелерін, осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарға бюджеттік шолу қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын:
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына;
функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне;
іс-шаралардың жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларының паспортын түпкілікті нәтижелерді таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бар-жоғы тұрғысынан қарайды және бюджеттің атқарылуын талдау, осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелерін, осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарға бюджеттік шолу қорытындыларын, осы Кодекстің 37-бабына сәйкес жасалатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының өзін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесін және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытынды қалыптастырады;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын:
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі;
функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкестігі;
түпкілікті нәтижелерді таңдаудың дұрыстығы;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бар-жоғы;
түпкілікті нәтижелердің шынайылығы мен қолжетімділігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының түпкілікті нәтижелерге сәйкестігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
15. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымдарын қарау кезінде осы баптың 1 – 8-тармақтарында көзделген талаптардың сақталуы ескеріледі, бюджеттік бағдарлама паспортының толықтығы және есеп-қисаптардың негізділігі тексеріледі.
16. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген сома айырмасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның қорытындысында шығыстардың, оның ішінде жоспарлы кезеңде бюджет қаражатын бөлу мүмкін болмайтын мемлекеттік инвестициялық жобалар шығыстарының тізбесі айқындалады.
17. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бюджеттік сұранымы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, республикалық бюджет жобасына енгізеді.
Ревизиялық комиссиялардың бюджеттік сұранымы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, жергілікті бюджет жобасына енгізеді.
18. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 16-тармағында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Егер Республикалық бюджет комиссиясы жекелеген шығыстарды жергілікті бюджетке беру туралы ұсыныс әзірлесе, жалпы сипаттағы трансферттер жоспарланған жылы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған шығыстар сомаларын көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде тиісті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады және оны жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдеріне қосу үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелер, оларға қол жеткізу дәрежелері және көзделген бюджет қаражатымен өзара байланысы туралы сандық мәліметтер қамтылатын тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастырады.
20. Бюджеттік сұраным республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келтіріледі, оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы мен бюджеттік бағдарламаның басшысы қол қояды және жоспарланатын жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізіледі.
21. Бюджеттік бағдарламаның басшысы – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін лауазымды адамы.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы:
бюджеттік бағдарламаның паспортын жасауды;
бюджеттік бағдарлама паспортының негізділігі мен толықтығын;
бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың анықтығын;
осы баптың 1 – 8-тармақтарында белгіленген талаптардың сақталуын;
бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру процесіндегі іс-шараларға және түпкілікті нәтижелерге сәйкес тиімді пайдаланылуын;
бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
22. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
23. Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
15-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 161-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау ҚР Бюджет кодексi 29-бап. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу туралы жалпы ережелер ҚР Бюджет кодексi 145-бап. Мемлекет кепілгерлігі ҚР Бюджет кодексi 16-бап. Мемлекеттік тапсырма ҚР Бюджет кодексi 70-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей