Ст. 206 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
206-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер
1. Атмосфералық ауаға зиянды антропогендік әсер етудің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының экология заңнамасында адамның қызметін жүзеге асыру кезінде сақтауы үшін міндетті атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар белгіленеді. 2. Адамдардың өмірі және (немесе) денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіптілік дәрежесі ғылыми тұрғыдан анықталмаған заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында қоршаған орта сапасының белгіленген нысаналы көрсеткіштері сақталмайтын жағдайларда, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің нормативтік құқықтық актілерінде осындай аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласында автомобиль көлігін пайдаланудың жекелеген мәселелерін реттеуді көздейтін атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын және III санаттағы объектілерге қойылатын экологиялық талаптарды, сондай-ақ шығарындылар деңгейі төмен аймақтарды ұйымдастыру мәселелерін, арнайы экологиялық талаптардың бұзылуын анықтауды қамтитын арнайы экологиялық талаптар енгізуді көздеуге құқылы.
Ескерту. 206-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 204-бап. Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 203-бап. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 208-бап. Жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегiэкологиялық талаптар ҚР кеден iсi туралы 429-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, әкімшілік-техникалық және қызмет көрсететін персоналының мүшелеріне берілетін кедендік жең... ҚР Азаматтық процестік кодексі 155-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей