Ст. 224 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
224-бап. Жерасты суларын қорғау жөніндегі экологиялық талаптар
1. Тәулігіне екі мың текше метрден асатын көлемде жерасты суларын тартуды және пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын жобаға (технологиялық схемаға) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс. 2. Жерасты суларының көздері мен учаскелерін іздеуді және бағалауды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ жерасты суларын тартуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылар:
1) жерасты су объектілерінің ластану ықтималдығын болғызбауды;
2) егер бұл жобада (технологиялық схемада) көзделмесе, әртүрлі су тұтқыш белдеулер суының араласу және бір белдеуден басқасына ағып кету ықтималдығын болғызбауды;
3) жерасты суларының бақылаусыз реттелмей ағу ықтималдығын болғызбауды, ал авариялық жағдайларда су ысырабын жою жөніндегі шараларды шұғыл қабылдауды;
4) қызметі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану, жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану процесінде бүлінген жер учаскелеріне рекультивациялау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жерасты суларына әсер ету бөлігінде белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер етуіне бағалау жүргізу кезінде осыған байланысты жерүсті су объектілеріне және табиғи ортаның өзге де құрамдастарына жанама әсер ету тәуекелдері, оның ішінде жердің су басуы, су жайылуы, шөлейттенуі, батпақтануы, көшкіндердің пайда болуы, топырақтың шөгуі және өзге де осыған ұқсас салдарлар түріндегі тәуекелдер де ескеріледі, сондай-ақ осындай жанама әсер етуді болғызбау бойынша қажетті шаралар айқындалады.
4. Жерасты суларын тартуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылар ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер себебінен судың қайтарымсыз ысырабын және оның сапалық қасиеттерінің нашарлауын болғызбауға міндетті.
5. Реттеуші құрылғылармен жабдықтау, гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасының Су кодексінде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждықтар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол берілмейді.
7. Ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суларының жай-күйіне жағымсыз әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
8. Жерасты суларына арналған су тарту құрылысжайларын Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды реттейтін құрылғылармен, су өлшеу аспаптарымен жабдықтамай, сондай-ақ санитариялық қорғау аймақтарын белгілемей және жерасты су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай пайдалануға беруге тыйым салынады.
9. Жерлерді сарқынды сулармен суаруға, егер бұл жерасты су объектілерінің жай-күйіне зиянды әсер ететін болса немесе әсер етуі мүмкін болса, тыйым салынады.
10. Су пайдаланушылар тәулігіне екі мың текше метрден асатын көлемде жерасты суларын тартуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру кезінде жерасты суларының көздерін игерудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және бұрыннан барларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды өз есебінен жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және кезеңдік бақылау құралдарын жаңғыртуға, жерасты суларын сарқылудан және ластанудан қорғауды, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
11. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, сондай-ақ суы табиғи емдік қасиеттерге ие жерасты су объектілерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес санитариялық қорғау аймақтары белгіленеді.
12. Сіңіргіш ұңғымаларға пайдаланылған суларды айдау жүргізілетін ауданда су пайдаланушының есебінен өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына жүйелі зертханалық байқау жасау ұйымдастырылуға тиіс.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Еңбек кодексi 108-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу ҚР Салық кодексi 631-бап. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (нем...Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 222-бап. Сарқынды суларды төгу кезіндегі экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 228-бап. Жерді қорғау туралы жалпы ережелер ҚР Экологиялық кодексi 221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiзРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей