Ст. 250 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.02.2021
ҚР Экологиялық кодексi
250-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту
1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына, санының азаюына немесе тіршілік ету ортасының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерге жол берілмейді. 2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуының өздеріне белгілі болған немесе анықталған жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан жануарлардың жаппай ауруы, оларға қырылу қаупі төнген жағдайларда, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.
4. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларды қоспағанда, оларды алып қоюға тыйым салынады.
5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:
1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;
2) қоныс аударту;
3) қолдан өсірілген жануарларды тіршілік ету ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.
6. Осы баптың 5-тармағында аталған іс-шаралар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздемелер негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ олардың айналасында осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жағдайына теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.
8. Шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы мен көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, бөлініп берілетін учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
Ескерту. 250-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы

Караганда,Темиртау, Нур-Султан
Телефоны
Комментариев: 26
За последние 30 дней

Астана (Нур-Султан) - Караганда - Темиртау
Телефон
Всего

г. Алматы
Телефон
За последние 30 дней

г. Алматы
Телефон
Всего

г. Костанай
Телефон
Всего
Новые комментарии на сайте
Айгуль
01.03.21 21:23:07
Тел: 87012643890,
Добрый вечер срок давности имеется, общий срок 3 года
Гость
01.03.21 17:32:14
питьевую воду нельзя использовать в технических целях, где написано?
Гость
27.02.21 15:02:55
Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
Гость
27.02.21 10:31:06
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Гость
26.02.21 12:57:32
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей