Ст. 337 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
337-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің хабардар ету режимі
1. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама беруге міндетті. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген субъектілерден хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін (бұдан әрі – қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі) қалыптастырады және жүргізеді.
Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларда белгіленеді.
3. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті осы баптың 1-тармағына сәйкес хабардар етпей жүзеге асыруға тыйым салынады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қалдықтарды басқару саласындағы субъектілер:
1) кәсіпкерлік субъектісі таратылған;
2) сот шешімі заңды күшіне енген;
3) кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы өтінішін берген жағдайларда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен шығарылады.
Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісі өтініш бергенге дейін өз міндеттемелерінің барлығын орындауға тиіс.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қалдықтарды басқару саласындағы субъектілер:
1) Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұза отырып қызметті жүзеге асырған;
2) қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қызметті жүзеге асырмаған жағдайларда, сот шешімі негізінде қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен шығарылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Осы баптың 1-тармағының талабы қалдықтарды түзушілер болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жинағанға дейін олар түзілген жерде меншікті қалдықтарды жинақтау және сұрыптау бөлігінде қолданылмайды.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 216-бап. Жол берілетін төгінділер нормативтері ҚР Экологиялық кодексi 317-бап. Қалдықтар ұғымы ҚР Экологиялық кодексi 416-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі ҚР Экологиялық кодексi 297-бап. Квоталанатын қондырғы операторының атауын және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей