Ст. 84 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
84-бап. Қазақстан Республикасының трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысы бар тарап ретінде қатысуы
1. Қазақстан Республикасы шет мемлекеттің іске асырылуы Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға елеулі жағымсыз трансшекаралық әсер етуі мүмкін қызметті жоспарлау немесе Құжатты әзірлеу туралы хабарламасын алған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының трансшекаралық әсерді бағалауға қатысы бар тарап ретінде қатысуын ұйымдастырады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарлама алынған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жұртшылығын трансшекаралық әсерді бағалау жүргізу қажеттігі туралы өз пікірін айтуға және белгіленіп отырған қызмет пен әзірленетін Құжатқа байланысты мәселелер бойынша ескертпелер мен ұсыныстар ұсынуға шақыруды ресми интернет-ресурста орналастырады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру немесе Құжатты іске асыру Қазақстан Республикасының аумағындағы қоршаған ортаға елеулі жағымсыз трансшекаралық әсер етуі мүмкін деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша осындай трансшекаралық әсер ету шыққан мемлекетке трансшекаралық әсерді бағалау жүргізу туралы өтініші бар жолданым жіберуге құқылы.
4. Трансшекаралық әсерді бағалау басталғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) қатысы бар аумақтардың мүдделі жұртшылығы мен жергілікті атқарушы органдарын трансшекаралық әсерді бағалау жүргізу туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) осы Кодекстің 73-бабына сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізуді қамтамасыз етеді;
3) трансшекаралық әсерді бағалау шеңберінде осындай трансшекаралық әсер ету шыққан мемлекетпен консультациялар жүргізеді.
5. Қатысы бар аумақтардың жұртшылығын және жергілікті атқарушы органдарын трансшекаралық әсерді бағалау жүргізу туралы хабардар етуге арналған шығындар, егер трансшекаралық әсер ету шыққан тараппен консультациялар нәтижесінде мұндай шығындарды шығу тарапының өтейтіні белгіленбесе, бюджеттен өтеледі.
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 34-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау ҚР Экологиялық кодексi 90-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ҚР Экологиялық кодексi 73-бап. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексi 23-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Налоговый Кодекс РК Статья 24-1. Обязанность платежных организаций по предоставлению информации в уполномоченный органРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей