Ст. 252-1 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
252-1-бап. Салық органының қаулысын санкциялау
1. Заңда белгіленген жағдайларда салық органы соттың санкциялауына жататын заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан кетуін уақытша шектеу туралы қаулы, мұндай шектеуді тоқтата тұру туралы, оның күшін жою туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған себептер мен негіздер жазылуға тиіс.
2. Соттың санкциялауына жататын қаулыны салық органы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа ұсынады.
Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдау негізділігін растайтын материалдар қоса беріледі.
3. Сот салық органының қаулысын материалдар санкциялауға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
4. Салық органының қаулысын және оған қоса берілген материалдарды қарап, сот заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан кетуін уақытша шектеуге, мұндай шектеуді тоқтата тұруға немесе күшін жоюға санкция береді не санкция беруден бас тартады.
Санкция беру салық органының қаулысына судьяның қолтаңбасымен куәландырылатын "Санкциялаймын" деген сот мөртабанын басу арқылы жүзеге асырылады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Сот салық органының электрондық құжат нысанында ұсынылған қаулысына санкция беруді судьяның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья электрондық құжат нысанында санкция беруден бас тарту туралы уәжді ұйғарым шығарады.
5. Салық органының сот санкциялаған қаулысына Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қаулыға санкция беруден бас тарту туралы сот ұйғарымына шешімі түпкілікті болып табылатын апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Ескерту. 252-1-баппен толықтырылды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-тарау. ТӨРЕЛІК ШЕШІМДІ ОРЫНДАУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 481-бап. Шет мемлекеттiң сот талқылауына қатысуы ҚР Азаматтық процестік кодексі 178-бап. Татуласу келісімін орындау ҚР Азаматтық процестік кодексі 201-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы ҚР Азаматтық процестік кодексі 72-бап. Дәлелдеу міндеті ҚР Азаматтық процестік кодексі 89-бап. Кешенді сараптамаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей