Ст. 252 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
252-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау
1. Заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың не прокурордың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған уәждер мен негіздер жазылуға тиіс. 2. Соттың не прокурордың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасалған жердегі сотқа не прокурорға ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.
3. Сот орындаушысының қаулысын сот не прокурор материалдар санкциялауға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
4. Сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот немесе прокурор атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді не санкция беруден бас тартады.
Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның не прокурордың қолтаңбасымен расталатын "Санкциялаймын" деген сот, прокурор мөртабанын басу арқылы жүзеге асырылады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы – судья ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.
Сот орындаушысының электрондық құжат нысанында ұсынылған қаулысына санкция беруді сот немесе прокурор судьяның не прокурордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, электрондық құжат нысанында судья – санкция беруден бас тарту туралы уәжді ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот не прокурор санкциялаған қаулысына Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Прокурордың қаулысына заңда белгіленген тәртіппен жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 252-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медиц... ҚР Азаматтық процестік кодексі 504-бап. Атқару парағын беруден бас тарту және беру ҚР Азаматтық процестік кодексі 443-бап. Өтiнiшхатты алдын ала қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 200-бап. Сарапшы мен маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру ҚР Азаматтық процестік кодексі 460-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдауРекомендованные страницы
Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 608. Управление транспортным средством водителем, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, а равн... ҚР Азаматтық процестік кодексі 154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары ҚР Азаматтық процестік кодексі 254-бап. Атқару парағын беру ҚР Азаматтық процестік кодексі 251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 169. Изменение предмета или основания иска, увеличение или уменьшение исковых требованийРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей