Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.12.2023

ҚР Азаматтық процестік кодексі
41-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау тәртібі

1. Сот отырысында прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, сарапшыға, аудармашыға, консультантқа мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот сол сот отырысында қарайды және шешеді. 

Сот отырысынан тыс мәлімделген жазбаша қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) судья тараптарға хабарламастан, ол түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ал қосымша мән-жайларды анықтау қажет болған кезде – келесі сот отырысында қарайды. 

2. Бірінші сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) осы соттың төрағасы немесе басқа судьясы тараптарға хабарламастан, мәлімделген күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал олар болмаған жағдайда – тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы келіп түскен күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және шешеді. 

3. Апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) апелляциялық саты сотының төрағасы тараптарға хабарламастан жеке-дара, мәлімделген күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, ал ол болмаған кезде – осы апелляциялық сатының басқа судьясы қарайды және шешеді. 

4. Істі соттың алқалы құрамы қараған кезде судьялардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) соттың алқалы құрамының басқа судьялары қарайды. Сот мәлімделген қарсылық білдіру бойынша іске қатысатын адамдардың пікірін, егер қарсылық білдірілген судьяның түсініктеме бергісі келсе, оның пікірін тыңдайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген судьяның қатысуынсыз шешіледі. Қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) жақтаған және оған қарсы берілген дауыстар саны тең болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылды деп есептеледі. 

5. Істі сот отырысында қарайтын соттың алқалы құрамының екі және одан да көп судьясына немесе барлық судьяларына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) нақ сол сот толық құрамда қарапайым көпшілік дауыспен шешеді. 

6. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қабылданбаған кезде істі қарауды және шешуді сол сот отырысында соттың сол құрамы жалғастырады. 

7. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Істің жаңа сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдеріне хабарланады. 

8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа немесе кассациялық наразылыққа енгізілуі мүмкін. 

Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.


У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.


После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно


Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?


Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться