Ст. 403 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешім шығарылған жағдайларды қоспағанда, осы баптың екінші бөлігінің және осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге жатады.
2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағым берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.
3. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.
4. Алып тапсталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Апелляциялық шағым беру немесе прокурор өтінішхат келтіру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды.
Ескерту. 403-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 271-бап. Іске қатысатын адамдарға сот ұйғарымының көшірмелерін салып жіберу ҚР Азаматтық процестік кодексі 158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындауРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы ҚР Азаматтық процестік кодексі 404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының мазмұны ҚР Азаматтық процестік кодексі 285-бап. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулердiқарау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эп... ҚР Азаматтық процестік кодексі 77-бап. Маманды процестік әрекеттерге қатысуға тартуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей