Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
12-бап. Сыйақы

1. Сыйақы деп мыналар танылады: 

1) кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша сыйақы; 

2) қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы; 

3) салым (депозит) бойынша сыйақы; 

4) жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақы; 

5) вексель бойынша сыйақы; 

6) репо операциялары бойынша сыйақы; 

7) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы; 

8) исламдық жалдау сертификаттары бойынша сыйақы; 

9) банктік шот шарты бойынша сыйақы. 

2. Кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты барлық төлемдер: 

1) қарыз берушіге; 

2) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығы берілген, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаға; 

3) қарыз алушы үшін өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға жүзеге асырылған жағдайларда, мұндай төлемдер кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша сыйақы болып табылады. 

Бұл ретте кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша мыналар сыйақы болып табылмайды: 

1) кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) төленуге жататын (алынған) сомасы; 

2) валюта бағамының өзгеруіне байланысты теңгемен төленуге жататын (алынған) кредит (қарыз, микрокредит) сомасын түзету (индекстеу); 

3) екінші деңгейдегі банктердің ақша аударғаны үшін комиссия. 

3. Қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер: 

1) лизинг берушіге; 

2) лизинг алушы үшін өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға жүзеге асырылған жағдайларда, мұндай төлемдер қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы болып табылады. 

Бұл ретте қаржы лизингі шарты бойынша мыналар сыйақы болып табылмайды: 

1) осындай мүлік қаржы лизингіне алынған (берілген) құн; 

2) қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдер. 

4. Салым (депозит) бойынша барлық төлемдер: 

1) салымшыға (депозиторға); 

2) салымды (депозитті) қабылдаған тұлға үшін өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға жүзеге асырылған жағдайларда, мұндай төлемдер салым (депозит) бойынша сыйақы болып табылады. 

Бұл ретте салым (депозит) сомасы салым (депозит) бойынша сыйақы болып табылмайды. 

5. Жинақтаушы сақтандыру шартына байланысты барлық төлемдер: 

1) сақтандырушыға; 

2) сақтанушы үшін өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға жүзеге асырылған жағдайларда, мұндай төлемдер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақы болып табылады. 

Бұл ретте сақтандыру сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақы болып табылмайды. 

6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не борыштық бағалы қағаздар бойынша купон түріндегі төлемдер (борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконтты не бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан сыйлықақыны ескере отырып): 

1) борыштық бағалы қағаздарды ұстаушыға; 

2) сыйақы төлейтін тұлға үшін өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға жүзеге асырылған жағдайларда, мұндай төлемдер борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы болып табылады.  

7. Вексель бойынша барлық төлемдер: 

1) вексельдерді ұстаушыға; 

2) вексель беруші үшін өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға жүзеге асырылған жағдайларда, мұндай төлемдер вексель бойынша сыйақы болып табылады. 

Бұл ретте вексельде көрсетілген сома вексель бойынша сыйақы болып табылмайды. 

8. Репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі төлемдер репо операциялары бойынша сыйақы болып табылады. 

9. Исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер исламдық жалдау сертификаттары бойынша сыйақы болып табылады. 

10. Банктің банктік шот шартында көзделген кірісті төлеу жөніндегі шығыстары банктік шот шарты бойынша төленетін сыйақы болып табылады. 

11. Сыйақының осы бапта белгіленген анықтамасы қай мемлекеттің заңнамасына сәйкес туындайтынына қарамастан қолданылады.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться